locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өзі сайқымазақ»: Бабаян Уразбахтиннің «шапито» деген сөзіне жауап берді

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер-лигасының 27-турының орталық кездесуінен кейін Рафаэль Уразбахтиннің сөздеріне жауап берді
«Өзі сайқымазақ»: Бабаян Уразбахтиннің «шапито» деген сөзіне жауап берді
ФОТО: Астана ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
17.09.2026, Аяқт.
Астана
1
Кайрат
0

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қайратты» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұған Уразбахтиннің матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында кездесуді «шапито» деп бір ауыз сөзбен сипаттауы себеп болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бабаян әріптестеріне әрдайым құрметпен қарайтынын және олардың жұмысына көпшілік алдында баға бермеуге тырысатынын атап өтті. Алайда бұл жолы «Астана» бапкері жауапсыз қалмауды жөн көрген.

«Мен барлық әріптесіме құрметпен қарауға тырысамын және ешқашан оларды сынамаймын. Бірақ Уразбахтиннің соңғы баспасөз мәслихатында айтқанына өзім жол бере алмас едім. Соншалықты эмоцияға берілуге бола ма? Ол матчты ауыстырмады деп айтты. Үлкен футболда жүргеніне небәрі екі жыл болды, сондықтан кейбір дүниелерді әлі түсінбейтін шығар», – деді Бабаян.

Елордалық клубтың бас бапкері екі команда арасындағы бұрынғы жағдайларды да еске алды. Оның айтуынша, түсініспеушіліктер 2024 жылы «Астана» Алматыда ойнаған кезде де болған.

«2024 жылы Алматыда ойнағанымызда «Қайрат» бізге стадион да, киім ауыстыратын бөлме де бермеді. Біз Еуропада Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүргенімізді айтқанда, „сендер Қазақстанды емес, Астананы таныстырып жүрсіңдер“ деген жауап алдық. Кейін „Браннмен“ матчтың алдында ойынды бір күнге ауыстыруды сұрадық. Уразбахтин бұл жағдайлардың бәрін білмеуі де мүмкін», – деді маман.

Сонымен қатар Бабаян бұл мәселеде «Қайрат» клубының өзіне емес, тікелей Уразбахтиннің сөзіне қатысты пікір айтып отырғанын жеткізді.

«Мәселе «Қайратта» емес, Уразбахтиннің өзінде. Оның неге бұлай қабылдағанын түсінбедім. Тіпті эмоциямен айтып қалды, кейін маған жазып, жағдайды түсіндіретін шығар деп ойладым. Біздің мамандығымыз онсыз да өте қиын. Ал «шапито» деген сөзіне келсек, мүмкін, ол өзін сайқымазақ деп атаған шығар», - деп түйіндеді Бабаян.

«Астана Аренада» өткен кездесудің сценарийі алғашқы минуттарда-ақ өзгерді. 11-минутта VAR қаралымынан кейін «Қайрат» жартылай қорғаушысы Әділет Сәдібеков тікелей қызыл қағаз алып, алматылықтар ойынның басым бөлігін он футболшымен өткізуге мәжбүр болды.

Арада бірнеше минут өткенде «Астана» сан басымдығын пайдаланды. Рамазан Каримов баспен дәл соққы жасап, есеп ашты. Кейін бұл гол матчтағы жалғыз әрі жеңіс добы болып қалды – 1:0.

Осы жеңістен кейін «Астана» 48 ұпай жинады. «Қайраттың» еншісінде 57 ұпай бар. Алматылықтар екінші орында қалып, 61 ұпайы бар көшбасшы «Ордабасыдан» төрт баллға қалып келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie