locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» – «Қайрат» матчының шолуы: Сәдібековтің қызыл қағазы және Каримовтың шешуші голы

«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 27-турының орталық кездесуінде «Қайратты» минималды есеппен жеңді
«Астана» – «Қайрат» матчының шолуы: Сәдібековтің қызыл қағазы және Каримовтың шешуші голы
ФОТО: Астана ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
17.09.2026, Аяқт.
Астана
1
Кайрат
0

ҚПЛ-дың 27-турының басты кездесулерінің бірі «Астананың» «Қайратты» жеңуімен аяқталды. Өз алаңында ойнаған елордалық команда жалғыз голдың арқасында үш ұпайға қол жеткізді – 1:0, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойынның барысы алғашқы минуттарда-ақ күрт өзгерді. Тоғызыншы минутта Әділет Сәдібеков Станислав Басмановқа қарсы ереже бұзды. Бастапқыда төреші «Қайрат» жартылай қорғаушысына сары қағаз көрсетті. Алайда VAR арқылы эпизодты қайта қарап, шешімін өзгертті. Нәтижесінде 11-минутта алматылықтар он ойыншымен қалды.

«Астана» сан басымдығын көп күттірмей пайдаланды. Бірнеше минуттан кейін Рамазан Каримов айып алаңындағы әуе добында қарсыласынан басым түсіп, баспен дәл соққы жасады. Кейін бұл гол матчтағы жалғыз әрі жеңіс доб болып қалды.

Кездесудің басым бөлігін аз құраммен өткізгеніне қарамастан, «Қайрат» есепті теңестіруге ұмтылды. Алматылықтар шабуылға шығып, соңғы минуттарға дейін интриганы сақтап қалды. Дегенмен алаң иелері қорғаныста сыр бермей, минималды басымдығын финалдық ысқырыққа дейін жеткізді.

Осылайша, таблодағы 1:0 есебі өзгеріссіз қалды. «Астана» принципті қарсыласпен өткен кездесуде үш ұпай еншілесе, «Қайрат» чемпионаттағы екінші жеңілісіне қатарынан ұшырады.

Назарларыңызға «Астана» – «Қайрат» матчының бейнешолуын ұсынамыз:

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie