locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» «Астанадан» жеңіліп, чемпиондық бәсекеде маңызды ұпай жоғалтты

«Астана» ҚПЛ-дың 27-турының орталық матчында «Қайратты» жеңді
ФОТО: Астана ФК

Қазақстан Премьер-лигасы маусымының шешуші кезеңіндегі маңызды кездесулердің бірінде елордалық «Астана» «Қайраттан» басым түсті. Матч 17 қыркүйекте «Астана Аренада» өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алматылықтар үшін ойынның басы сәтсіз өрбіді. Тоғызыншы минутта Әділет Сәдібеков Станислав Басмановқа қарсы ереже бұзды. Төреші бастапқыда «Қайрат» жартылай қорғаушысына сары қағаз көрсетті. Алайда VAR көмегіне жүгініп, эпизодты қайта қарағаннан кейін шешімін өзгертті. Нәтижесінде 11-минутта Сәдібеков алаңнан қуылып, қонақтар он ойыншымен қалды.

«Астана» сан басымдығын көп күттірмей пайдаланды. Арада үш минут өткенде Рамазан Каримов есеп ашып, елордалық команданы алға шығарды.

ҚПЛ, 27-тур

«Астана» – «Қайрат» – 1:0

Гол: Каримов, 14’

Қос команда бұл кездесуге дейінгі турда ұпай жоғалтқан еді. «Астана» 12 қыркүйекте сырт алаңда чемпионат көшбасшысы «Ордабасыға» 0:1 есебімен есе жіберді. Оған дейін елордалықтар «Елімайды» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, «Атыраудан» 3:2 есебімен басым түскен.

«Қайрат» та Астанаға жеңілістен кейін келді. 13 қыркүйекте алматылықтар өз алаңында «Тобылдан» 1:4 есебімен ұтылды. Ал оған дейін команда жақсы қарқын алып, қатарынан «Жеңісті» (3:0), «Каспийді» (3:0), «Елімайды» (2:0) және «Ұлытауды» (3:1) жеңген болатын.

«Астанадан» кеткен жеңіліс «Қайратқа» турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілуге мүмкіндік бермеді. Алматылық клуб 57 ұпаймен қалды. Ал қазіргі көшбасшы «Ордабасының» еншісінде 61 ұпай бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie