locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: «Барыс» СКА-мен матчте қайтадан алға шықты: Санкт-Петербургте не болып жатыр

Астаналық «Барыс» ҚХЛ аясындағы Санкт-Петербургтің СКА командасына қарсы сырт алаңдағы матчта есеп бойынша алда келеді
Хоккей
Видео: «Барыс» СКА-мен матчте қайтадан алға шықты: Санкт-Петербургте не болып жатыр
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы кезекті сырт алаңдағы сериясын алғашқы матчпен бастады. Санкт-Петербургте Михаил Кравец шәкірттері СКА командасымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың басында шайба жіберіп алғанына қарамастан, қазақстандық клуб бірінші кезеңде ойын барысын өзгерте алды. Оныншы минутта Тайсс Томпсон есепті теңестірсе, төрт минуттан кейін Асанали Саркенов астаналықтарды алға шығарды.

Екінші кезеңде алаң иелері есепті теңестіргенімен, «Барыс» қайтадан бастаманы өз қолына алды. Джейк Масси шабуылға сәтті қосылып, петербургтіктер қақпасына үшінші шайбаны соқты.

Материал жарияланған сәтте қазақстандық клуб 3:2 есебімен алда келеді. Матч жалғасып жатыр. . Матчтың тікелей көрсетілімі.

Еске салайық, СКА-мен кездесудің алдында астаналықтар Шығыс конференциясында 30 матчта 31 ұпай жинап, тоғызыншы орында тұрған.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie