«Бір ауыз сөз айтамын, шапито!»: Уразбахтин «Астанаға» матчтан кейін ашуға булықты
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Премьер-лиганың 26-туры аясында «Астанаға» қарсы өткен матчтың (0:1) қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бір ауыз сөз айтамын, шапито!!», – деді Рафаэль Уразбахтин.
Кездесудегі жалғыз гол бірінші таймда соғылды. Рамазан Каримов баспен дәл соққы жасап, елордалық командаға үш ұпай сыйлады.
«Қайрат» 11-минутта-ақ кем құрамда қалды: жартылай қорғаушы Әділет Садықбеков қызыл қағаз алды. Осыдан кейін алматылықтар матчтың басым бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.
Осы жеңістен кейін «Астана» 48 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Қайраттың» еншісінде 57 ұпай бар — команда екінші орында тұр. Ал көш бастап тұрған «Ордабасының» активінде 61 ұпай бар.