locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Шавкат Рахмонов үш дүркін әлем чемпионымен спарринг өткізді

Шавкат Рахмонов NAIZA FC ұйымының бұрынғы чемпионы Қазбек Сағынмен бірге жаттығу өткізді
ММА
Видео: Шавкат Рахмонов үш дүркін әлем чемпионымен спарринг өткізді
ФОТО: Getty images

UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) мансабындағы ұзақ үзіліске қарамастан жаттығуын жалғастырып жатыр. Бұл жолы оның спаррингтегі серіктесі NAIZA FC ұйымының бұрынғы чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын (7-2) болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сағын бірлескен жаттығудың видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Спарринг барысында Рахмонов бойы мен қолының ұзындығы жағынан басымдығын тиімді пайдаланып, қарсыласының арақашықтықты қысқартуына мүмкіндік бермеді.

Жаттығу әзілсіз де өтпеді. Сағын бой айырмашылығына әзілмен шағымданып, видео соңында Рахмоновтың босаңсыған сәтін пайдаланып, оған қалжыңдап соққы жасады.

«Бойыма 10 сантиметр жетіспейді», – деп жазды Сағын видеоның астына.

Еске салайық, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 7 желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізді. Сол кездесуде қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Содан бері жартылай орта салмақта өнер көрсететін спортшы тізе жарақаты мен отаға байланысты октагонға шыққан жоқ.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы Қазақстан тарихындағы алғашқы UFC турнирінде жүзеге асуы мүмкін. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаған еді. Ал файтердің бапкері Эдуард Базров шәкіртінің 2027 жылдың наурыз-сәуір айларында жекпе-жекке оралуы ықтимал екенін айтқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, америкалық промоушеннің Қазақстандағы алғашқы турнирі 2027 жылдың 1 мамырында Алматыда өтуі мүмкін. Алайда турнирдің өтетін күні де, Рахмоновтың оған қатысатыны да әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ал Қазбек Сағын соңғы жекпе-жегін 2026 жылдың 23 мамырында Алматыда өткен NAIZA FC 83 турнирінде өткізді. Сол жолы ол қытайлық Вэньюнь Чжоуды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын. Қазақстандық файтер келесі кездесуін 19 желтоқсанда Қарағандыда Шыңғыс Салбырынға қарсы өткізеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie