locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» – «Қайрат» матчы ҚПЛ-да көрермен саны бойынша жаңа рекорд орнатты

«Астана» – «Қайрат» кездесуі ҚПЛ-дың көрермен саны бойынша рекордын жаңартты
«Астана» – «Қайрат» матчы ҚПЛ-да көрермен саны бойынша жаңа рекорд орнатты
ФОТО: Астана ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
17.09.2026, Аяқт.
Астана
1
Кайрат
0

«Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч алаңдағы нәтижемен ғана емес, трибунадағы көрсеткішпен де есте қалды. Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясындағы кездесуді 28 235 көрермен тамашалады. Бұл көрсеткіш ойын барысында стадионда ресми жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Астана Арена» трибуналары жанкүйерлерге лық толды. Маусымның шешуші кезеңінде өткен екі принципті қарсыластың кездесуі үлкен қызығушылық тудырды. Оның үстіне командалар турнир кестесінің жоғарғы орындары үшін күресін жалғастырып жатыр.

Матч алаң иелерінің минималды жеңісімен аяқталды – 1:0. Ойынның негізгі сәттерінің бірі 11-минутта тіркелді. VAR қаралымынан кейін «Қайрат» жартылай қорғаушысы Әділет Сәдібеков тікелей қызыл қағаз алып, алматылықтар кездесудің басым бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

«Астана» сан басымдығын көп күттірмей пайдаланды. 14-минутта Рамазан Каримов есеп ашты. Кейін бұл гол кездесудегі жалғыз доп болып қалды. «Қайрат» таразы басын теңестіруге тырысқанымен, финалдық ысқырыққа дейін есепті өзгерте алмады.

Осылайша, «Астана Аренадағы» футбол кеші елордалық клубтың жеңісімен ғана емес, ҚПЛ-дағы көрермен саны бойынша жаңа рекордпен – 28 235 жанкүйермен аяқталды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie