«Тобыл» Асхат Тағыбергенге қатысты ресми шешім қабылдады
«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Асхат Тағыбергенмен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Sports24.kz команда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клуб 36 жастағы футболшының өткен маусымдағы нәтижелерге қосқан үлесін атап өтті. Оның еншісінде 29 матч, үш гол және жеті нәтижелі пас бар. Бұдан бөлек, Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасында өткізген матчтарының санын 400-ге жеткізді.
«Тобыл» президенті Айдос Дүйсенбиев жартылай қорғаушының тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері команда үшін маңызды екенін атап өтті.
«Мұндай футболшылар командаға қажет. Асхаттың тәжірибесі мол, көшбасшылық қасиеттері бар және клубтың талаптарын жақсы біледі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа маусымда командаға жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі деп сенеміз», - деді Айдос.
Еске салайық, Тағыберген 2025 жылдан бері «Тобыл» сапында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол қазақстандық чемпион атанған шымкенттік «Ордабасы» клубының намысын қорғады.
Қазақстан Премьер-лигасының аяқталған маусымында «Тобыл» жетінші орын алды. Қостанайлықтар 30 матчта 41 ұпай жинап, 12 рет жеңіске жетті, бес кездесуде тең түсіп, 13 рет жеңілді. Соғылған және өткізілген голдар айырмасы — 42:42.
Команда Конференциялар лигасында да өнер көрсетіп, литвалық «Паневежисті» жеңді. Алайда сербиялық «Партизаннан» іріктеудің үшінші кезеңінде жеңілген соң, еурокубоктағы жорығын аяқтады.