Қазақстан – Молдова матчы Ұлттар лигасында. Онлайн көру
Жұма, 2 қазанда Астанада УЕФА Ұлттар лигасының үшінші туры аясында Қазақстан құрамасы Молдова командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Екі турдан кейін Қазақстан мен Молдова бір-бірден ұпай жинады. Джон ван ’т Схип шәкірттері турнирді Фарер аралдарына қарсы сырт алаңдағы 1:1 есебімен тең ойыннан бастады, кейін Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді.
Молдова құрамасы бірінші турда сырт алаңда Словакиядан 0:2 есебімен жеңіліп, кейін өз алаңында Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті.
Командалар өзара кездесудің алдында тиісінше үшінші және төртінші орындарды иеленіп отыр. Топта алты ұпаймен Словакия көш бастап келеді, екінші орында екі ұпай жинаған Фарер аралдары тұр. Қазақстан мен Молдовада бір-бір ұпайдан бар.
Қазақстан мен Молдова соңғы рет 2022 жылдың наурызында Ұлттар лигасы аясында кездескен. Ол кезде командалар С дивизионындағы орнын сақтап қалу құқығы үшін таласты. Екі матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеңіске жетті: кездесулерден кейінгі жалпы есеп 2:2 болып, пенальти сериясында Қазақстан 5:4 есебімен басым түсті.