locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қазақтардың қандай екенін көрсеткім келді»: Торехан Сабырхан Азия ойындарының финалындағы жеңісінен кейін пікір білдірді

Торехан 5:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, реванш алды
ФОТО: НОК РК

Торехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алып, Қазақстанға құрлықтық додадағы бокс бойынша 12 жылдағы алғашқы алтынды сыйлады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финалдық жекпе-жекте 20 жастағы қазақстандық боксшы Иордания өкілі Зияд Ишаишпен кездесті. Биыл Моңғолияда өткен Азия чемпионатының финалында Сабырхан дәл осы қарсыласына есе жіберген еді.

Бұл жолы Торехан 5:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, реванш алды. Жекпе-жек аяқталған соң қазақстандық спортшы жеңісі туралы пікір білдірді.

«Мен бүгінгі қарсыласыма Азия чемпионатында жеңіліп қалған едім. Бүгін екі раундта басым түстім, кейін одан қашып, өз стилімде ойнай беруіме болар еді. Бірақ мен қазақтардың қандай екенін көрсеткім келді, реванш ала алатынымды дәлелдегім келді. Чемпион болуға көптен бері дайындалып жүрдім. Аллаға шүкір, реванш алдым. Әлеуметтік желілерде қолдау білдірген Қазақстан халқына үлкен рақмет. Азия ойындары төрт жылда бір рет өтеді. Бізде алтын медаль болмағанына көп болды. Бақытыма қарай, менің қолымнан келді. Қуаныштымын. Ағам екеуіміздің арманымыз — Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағыдай екі алтын жеңіп алу еді. Бірақ ағам Махмұд мұнда қола, ал мен алтын алдым. Бұл жолы арманымыз орындалмады. Алла қаласа, Астанада әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары өтеді. Сол жарыстарда екі алтын жеңіп алатынымызға сенемін. Алға, Қазақстан!» — деді чемпион.

Айта кетейік, Торехан Сабырханның алтын медалі Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен оныншы алтын болды.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Азия ойындарындағы соңғы алтын медальді 2014 жылы жеңіп алған еді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie