locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Молдоваға қарсы ойнамайды

Исламбек Қуат дисквалификацияға байланысты матчты өткізіп алады
ФОТО: kazfootball.kz
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
02.10.2026, 10.00
Қазақстан
-
Молдова
-

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчында Молдоваға қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Жеңіс» командасының 33 жастағы жартылай қорғаушысы Словакия және Фарер аралдары құрамаларына қарсы матчтарда екі сары қағаз алды. Регламентке сәйкес, бұл оның алдағы ойынға қатысуына мүмкіндік бермейді.

Айта кетейік, Қуат Фарер аралдарына қарсы матчта 90 минут, ал Словакиямен кездесуде 72 минут ойнады. Тәжірибелі футболшы 2015 жылы ұлттық құрамадағы дебютінен бері 74 матч өткізіп, 6 гол соқты.

Еске салайық, Қазақстан мен Молдова арасындағы матч 2 қазанда «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Молдова құрамасы Ұлттар лигасындағы матчқа қатысу үшін Қазақстанға аттанды.

Айта кетейік, алдағы қарсыластар өз тобындағы аутсайдерлер саналады: алғашқы екі турдан кейін олардың еншісінде бір-бір ұпайдан бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie