locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ван’т Шкип Молдоваға қарсы ойынға румын төрешілерінің тағайындалуына баға берді

УЕФА-ға мәлім, сондықтан Қазақстан құрамасының бас бапкері бұл шешімге сенімсіздік танытуға себеп көрмейді
Ван’т Шкип Молдоваға қарсы ойынға румын төрешілерінің тағайындалуына баға берді
ФОТО: КФФ
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
02.10.2026, 10.00
Қазақстан
-
Молдова
-

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван’т Шкип Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші турында Молдоваға қарсы өтетін матчқа румын төрешілер бригадасының тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұлттық құрама тәлімгері Румыния мен Молдова арасындағы мәдени және тілдік жақындыққа қарамастан, УЕФА-ның бұл шешіміне күмән келтірмеді. Ол егер мұндай шешім қабылданса, оның өзіндік себептері бар екенін, сондықтан оны құрметтеп, бұл мәселеге ерекше мән бермеу керектігін атап өтті:

«Жоқ. Бұл — біз ықпал ете алатын нәрсе емес. Төрешілерді УЕФА тағайындайды, біз бұл шешімді құрметтеуіміз керек. Егер ұйым матчты өткізуге осы төрешілерге сенім білдірсе, демек олар еңбегімен мұндай тағайындауға лайық болған. Ойын басталғанға дейін мұны талқылаудың мәнін көріп тұрған жоқпын», — деді ван’т Шкип матч алдындағы баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін баспасөз мәслихатында нидерландтық бапкерге оның жұмысын алдындағы маман — Талғат Байсуфиновпен салыстыруға қатысты өте қитұрқы сұрақ қойылған болатын, ол сұраққа да ол өте өткір жауап берген еді.

ФОТО: ҚФФ
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie