locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өкінбеймін»: Зидан 2006 жылғы әлем чемпионатының аңызға айналған финалын еске алды

110-минутта француздар капитаны Зидан Матераццидің кеудесіне басымен соққы жасады, содан кейін алаңнан қуылды
ФОТО: Getty Images

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан Италия командасымен матч алдында 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Марко Матераццидің кеудесіне басымен соққы жасағанын еске алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

2006 жылғы әлем чемпионатының Италия мен Франция арасындағы финалында 110-минутта француздар капитаны Зинедин Зидан Матераццидің кеудесіне басымен соққы жасады, содан кейін алаңнан қуылды. Бұл оқиға оның футболшы ретіндегі мансабындағы соңғы эпизод болды.

«2006 жыл ма? Бұл кадрлар маған оны үнемі еске салып тұрады, өйткені сол сәтті барлық жерде қайта-қайта көрсетеді. Мен жағымды сәттер туралы көбірек ойлаймын. «Ювентус» мен үшін ерекше клуб болды, дәл сол жерде маңызды ойыншыға айналдым. 2006 жылы жасаған ісіммен мақтанбаймын. Бұл — жүріп өткен жолымның бір бөлігі. Бәріміз қателесеміз. Ең маңыздысы — алда не болатыны, Франция құрамасында қандай өзгерістер орын алатыны», — деп Зиданның сөзін RMC Sport келтіреді.

Франция мен Италия құрамалары Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші турында 3 қазанда кездеседі. Ойын Парижде өтеді. Басталуы — Қазақстан уақытымен 00:45-те.

Зинедин Зидан биыл шілдеде Франция құрамасының бас бапкері атанып, бұл қызметте 2012 жылдан бері жұмыс істеген Дидье Дешамды алмастырды. Оның келісімшарты төрт жылға — 2030 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін жасалған. Зидан өзінің бүкіл жаттықтырушылық мансабын мадридтік «Реалда» өткізді. Ол клубты үзіліспен 2016 жылдан 2021 жылға дейін басқарды. «Корольдік» клубпен бірге Чемпиондар лигасын үш рет (2016−2018) жеңіп, Испания чемпионы атғын екі рет (2017, 2020) иеленді. Осыдан кейін бес жылдан астам уақыт бойы жаттықтырушылық қызмет атқармады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie