locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фоторепортаж: Торехан Сабырханның Азия ойындарының финалында қарсыласын қалай ойсыратқаны

Азия ойындары-2026 финалында Сабырхан иорданиялық қарсыласынан реванш алып, алтын медаль жеңіп алды
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан Айти мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Торехан Сабырханның финалдық жекпе-жегінен фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Сабырхан Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен кездесті.

Айта кетейік, бұл жекпе-жектің қазақстандық боксшы үшін маңызы ерекше болды. Бұған дейін Ишаиш 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында Сабырханды жеңіп, алтын медаль иеленген еді. Ал Торехан күміс жүлдегер атанған.

Азия ойындарының финалына дейін Сабырхан бірнеше жекпе-жек өткізіп, жартылай финалда Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді.

Ишаиш те турнирдің шешуші жекпе-жегіне дейін жетіп, жартылай финалда жапониялық боксшы Окадзаваны жеңді.

Азия ойындары-2026 финалында Сабырхан иорданиялық қарсыласынан реванш алып, алтын медаль жеңіп алды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Торехан Сабырхан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы 10-шы алтын медальді және ұлттық құрамаға бокстан алғашқы жоғары дәрежелі жүлдені сыйлады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie