Ван ’т Схип Қазақстан құрамасына оралған Покатиловтың ойынына баға берді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип қақпашы Стас Покатиловтың ұлттық құрамаға оралғаннан кейінгі ойынына баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының тәлімгері Молдоваға қарсы матчта қақпаны кім қорғайтыны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.
– Словакиямен өткен ойыннан кейін Стас Покатиловтың ойыны көп талқыланды. Ертең қақпада кім тұрады?
– Бұл сұраққа да әзірге жауап бермеймін. Стас бұған дейінгі екі матчта ойнады, менің ойымша, оның жақсы сәттері болды.
Даулы эпизод орын алғанда, әсіресе жағдайды 50-ге 50 деп бағалауға болатын болса, жауапкершілікті артуға бір адамды табу өте оңай. Гол жіберіп алған жағдайда бұл көбіне қақпашы болып шығады.
Алайда мен оның жұмысын, басқа футболшылардың әрекеті сияқты, оң бағалаймын. Қазір ең бастысы – алдыңғы нәтижеге дұрыс реакция танытып, ертеңгі матчты жақсы өткізу. Қақпада кім шығатыны ертең белгілі болады.
Еске салайық, Қазақстан мен Молдова арасындағы матч 2 қазанда «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Алдағы қарсыластар өз квартетінің аутсайдерлері саналады: алғашқы екі турда бір-бір ұпайдан жинаған.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Молдоваға қарсы ойнамайтынын хабарлаған едік.