Суперкомпьютер Қазақстан — Молдова матчының болжамын жариялады
2 қазанда Қазақстан мен Молдова құрамалары Астанада Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші турында кездеседі. Сарапшылардың бұл матчта қай командаға басымдық беріп отырғаны да белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
FMD суперкомпьютері Джон ван’т Схип шәкірттерін айқын фаворит деп таныды: Қазақстанның жеңісіне — 60%, тең нәтижеге — 22%, ал Лилиан Попеску командасының жеңісіне 19% мүмкіндік берілген.
Голдар санына қатысты модель матчтың нақты есебін де болжауға тырысты. Ең ықтимал нәтиже ретінде 12,3% көрсеткішпен Қазақстанның 1:0 есебіндегі жеңісі аталады. Одан кейін… 1:1 есебіндегі тең ойын (12,0%) тұр. Ал үшінші және төртінші ықтимал нәтижелер ретінде ван’т Схип шәкірттерінің 2:0 және 2:1 есебіндегі жеңістері көрсетілген (тиісінше 9,7% және 9,5%).
Еске салайық, Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матч 2 қазан күні сағат 19:00-де «Астана-Аренада» өтеді. Бұл кездесудің тікелей трансляциясын қайдан көруге болатыны белгілі болды.
Екі турдан кейін командалар С3 тобының үшінші-төртінші орындарын бөлісіп тұр. Екі құраманың да еншісінде бір ұпайдан бар.