locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қолымнан келгеннің бәрін жасадым»: Айбек Оралбай Азиададағы алтын медалі туралы

Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировты 5:0 есебімен ойсырата жеңді
«Қолымнан келгеннің бәрін жасадым»: Айбек Оралбай Азиададағы алтын медалі туралы
ФОТО: КФБ

Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Жапонияда өтіп жатқан турнирде Қазақстан қоржынына бокстан екінші алтынды салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша алтын медальға ие болды.

Айбек Оралбай өзбекстандық боксшыны ойсырата жеңіп, Қазақстанға бокстан Азиададағы екінші алтынды сыйлады

Жарыстан кейін ұлттық құраманың капитаны финалдық жекпе-жек туралы айтып, өз өнеріне қатысты пікір білдірді.

«12 жылдан кейін Торехан бірінші болып алтын медаль жеңіп алды. Мен де ұлттық құраманың капитаны ретінде қолымнан келгеннің бәрін жасап, туымызды көкке көтердім деп ойлаймын. Финалдағы қарсыласыммен төртінші рет кездестік. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Азиада басталғаннан бері екеуіміз де финалда кездесетінімізді түсініп, бір-бірімізге қарсы жекпе-жекке мұқият дайындалдық. Бірінші раунд 3:2 есебімен аяқталды. Екінші раундта қалай болғанда да жеңіске жетуім керек болды. Өзбек боксшысы да әлем чемпионатындағы жеңілісі үшін реванш алғысы келді. Сондықтан жекпе-жек қызықты өтті. Екі күндік үзілістен кейін рингке қайта бейімделу оңай болған жоқ. Соған қарамастан, бәрі жақсы өтті. Жаттықтырушылардың арқасында жекпе-жекке тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалдық. Жеңіске жетуімізге дәл осының көмектескенін ойлаймын. Барлық қазақстандық жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ Федерациямызға және осы жетістікке жету жолында көмектескен барша жанға ерекше алғысымды білдіргім келеді», – деді Оралбай.

Айта кетейік, Айбек Оралбайдың алтын медалі Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен 11-ші алтын болды. Бокстан алғашқы және ел қоржынына 10-шы алтынды Торехан Сабырхан жеңіп алған еді.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Азия ойындарында алтын медальді 2014 жылы жеңіп алған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie