Айбек Оралбай Өзбекстан боксшысын ойсырата жеңіп, Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы бокстан екінші алтынды сыйлады
Айбек Оралбай Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бірінші раунд тартысты өтіп, төрешілердің шешімі 3:2 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына шықты. Екінші раундта қарсыластан ережені бұзғаны үшін (қарсыласының желкесіне соққы жасағаны үшін) бір ұпай шегерілді. Бұл раундта да Айбек жеңіске жетіп, 5:0 есебімен басым түсті. Үшінші раундта өзбекстандық боксшы алға ұмтылғанымен, Оралбай қарсы шабуылдарда дәлдік танытып, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық боксшы жекпе-жекте 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл медаль Қазақстанның Азия ойындарындағы бокстан соңғы 12 жылдағы екінші алтыны болды. Ал алғашқы алтынды Торехан Сабырхан иеленген еді.
2026 жылғы Азия ойындарына дейін қазақстандық боксшылар соңғы рет 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Ал 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медальсыз қалған еді.