Ромащенко «Қайратты» ойсырата жеңгеніне пікір білдірді
«Тобыл» бас бапкері Мирослав Ромащенко ҚПЛ-дың 26-турында «Қайратты» (4:1) ойсырата жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қостанайлық команда атақты қарсыласын ойсырата жеңіп, 4:1 есебімен нағыз сенсация жасады.
«Ойынға қатысты айтар болсам, матчқа алғашқы секундтан дұрыс кірісу өте маңызды болды. Өйткені бізде ойынға біртіндеп енуге уақыт болмайтынын түсіндік.
Бүгін бізге өте білікті қарсылас қарсы тұрды. Біз жігіттерге қарсыласқа бір секунд та мүмкіндік бермеу керектігін және ойынға барынша тез қосылу қажет екенін түсіндірдік. Матч алдында құрған жоспарымызды іс жүзінде толық орындадық.
Жігіттерге орасан зор еңбегі, жұмысы, ұйымдастырушылығы, бар күшін салғаны және бүгін көрсеткен жігері үшін алғыс айтамын. Бүгін мен өз жігіттерімді мақтаймын. Алаңда жасап жатқан жұмыстарымыздың көпшілігі маған өте ұнайды.
Әрине, бізге жақсартуды қажет ететін тұстар бар. Бірақ ең маңыздысы – мұның бәрі жаттығу процесі арқылы жүзеге асады. Жаттығуда пысықтағанымызды алаңға шығаруға тырысамыз.
Бір нәрсе шығады, бір нәрсе шықпайды, бірақ біз сабыр сақтап, әлі де көп нәрсені жақсартуымыз керектігін түсінеміз. Біз команданы дайындап, келесі маусымға жасақтап жатырмыз», – деп жаттықтырушының сөзін kazfootball.kz келтіреді.
Бұған дейін матч қорытындысына «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қатаң пікір білдірген еді.