locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ СКА – «Барыс» матчының үздік ойыншыларын атады: кездесудің бірінші жұлдызы кім атанды?

ҚХЛ СКА-ны жеңген «Барыстың» екі хоккейшісін ерекше атап өтті
Хоккей
ҚХЛ СКА – «Барыс» матчының үздік ойыншыларын атады: кездесудің бірінші жұлдызы кім атанды?
ФОТО: Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионат аясында Санкт-Петербургтің СКА клубы мен астаналық «Барыс» арасында өткен кездесудің үздік үш ойыншысын анықтады. Аталған матч Қазақстан командасының 7:4 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің бірінші жұлдызы болып «Барыстың» шабуылшысы Асанәлі Сәркенов танылды. Қазақстандық хоккейші дубль жасап, командасының жеңісіне елеулі үлес қосты. Бірінші кезеңде ол есепті 2:1-ге жеткізіп, астаналықтарды алға шығарса, соңғы жиырма минуттықта қонақтардың басымдығын үш шайбаға дейін арттырды.

Матчтың екінші жұлдызы атағы «Барыстың» нәтижелі шабуылдарына атсалысқан канадалық шабуылшы Гарретт Пилонға бұйырды.

Үздік үштікті СКА сапында бір шайба соғып, бір нәтижелі пас берген Василий Глотов түйіндеді.

Еске салайық, Санкт-Петербургтегі жеңістің арқасында Михаил Кравец шәкірттері СКА-ға қарсы кездесулердегі қатарынан тоғыз жеңілістен тұратын сериясын тоқтатты. Бұған дейін астаналықтар петербургтік клубты 2021 жылдың қазан айынан бері жеңе алмай келген еді.

Қазақстандық клуб 31 матчта 33 ұпай жинап, ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде жетінші орынға көтерілді. «Барыс» келесі кездесуін 29 қарашада Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie