ВИДЕО: «Кайрат» «Тобылдан» ірі есеппен жеңілді
Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры сенсациялық нәтижемен аяқталды: «Қайрат» өз алаңында «Тобылдан» ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алматылықтар матчқа ҚПЛ турнирлік кестесінің көшбасшысы ретінде келді. Алайда бірінші таймның өзінде Рафаэль Уразбахтин командасының жоспары бұзылды. 18-минутта Урош Милованович пенальтиді дәл орындап, Қостанай клубын алға шығарды.
Марк Гуаль Эдмилсонның пасынан кейін есепті теңестірді. Алайда үзіліске дейін алаң иелері тағы бір гол жіберіп алды. Темірлан Анарбековты тағы да Милованович қапаландырып, дубль жасады.
63-минутта алматылықтардың жағдайы одан әрі қиындай түсті. Виталий Лисакович Қостанай командасының басымдығын екі голға жеткізді. Ал алаң иелерінің үмітін Луис Герра біржола үзді – 4:1!
Осы көңіл көншітпейтін нәтижеден кейін алматылық клуб Премьер-лигадағы көшбасшылығын тағы да жоғалтты: ойын саны бірдей болғанда «Ордабасы» бір ұпайға алда тұр. «Тобыл» 34 ұпаймен жетінші орында. ҚПЛ маусымының аяқталуына бес тур қалды.
ҚПЛ. 26-тур
«Қайрат» – «Тобыл» 1:4
Голдар: Гуаль, 40 – Милованович, 18, пенальтиден, 44; Лисакович, 63; Герра, 81.