locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының 19 жастағы футболшысы құнын бес есе өсіріп, ҚПЛ рейтингінде көш бастады

Жасұлан Әмір мен Иван Башич лигадағы ең қымбат футболшылар тізімінде бірінші орынды бөлісіп тұр
Футбол
Қазақстан құрамасының 19 жастағы футболшысы құнын бес есе өсіріп, ҚПЛ рейтингінде көш бастады
ФОТО: ФК «Ордабасы»

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-Лигасы футболшыларының нарықтық құнын жаңартты. Ең үлкен өсім «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірде тіркелді, деп хабарлайды Sports24.kz.

19 жастағы футболшының құны бірден екі миллион еуроға — 500 мыңнан 2,5 миллион еуроға дейін өсті. Осылайша, бір жаңартудың өзінде Әмірдің нарықтық құны бес есе артты.

Енді қазақстандық футболшы ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншылары тізімінде «Астананың» босниялық жартылай қорғаушысы Иван Башичпен бірінші орынды бөлісіп тұр. Оның нарықтық құны да бір миллион еуроға өсіп, 2,5 миллионға жетті.

Үшінші орынға бірден екі футболшы жайғасты. «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков пен «Ордабасының» қорғаушысы Ги-Марселен Киламаның құны 1,2 миллион еуродан бағаланып отыр. Біріншісінің құны 400 мың еуроға, екіншісінікі 200 мың еуроға өсті.

Тағы төрт ойыншының нарықтық құны бір миллион еуродан асты. Олар — «Астанадан» Мақсат Абраев, «Ордабасыдан» Давид Абағна, «Қайраттан» Жоржиньо және «Ақтөбеден» Пабло Альварес.

«Ордабасының» Эльхан Астановы мен Алекса Амановичтің, «Ақтөбенің» Артур Шушеначеві мен Даниэль Сосаның, сондай-ақ «Тобылдың» Виталий Лисаковичінің құны 900 мың еуродан.

Айта кетейік, Жасұлан Әмір 2026 жылғы маусымның басты жаңалықтарының біріне айналды. Ол «Ордабасы» сапында командаға тарихта алғаш рет чемпионат пен Қазақстан Кубогын жеңіп алуға көмектесті. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы 6 маусымда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде ұлттық құрама сапында дебют жасады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie