locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: «Сабах» Ямальды «Қазақстанға жіберді»: Покатиловтың клубы «Барселона» жұлдығын әзілге айналдырды

«Сабах» Чемпиондар лигасында «Барселонаға» қарсы матч алдында Ламин Ямальды «Қазақстанға жіберді»
Футбол
Видео: «Сабах» Ямальды «Қазақстанға жіберді»: Покатиловтың клубы «Барселона» жұлдығын әзілге айналдырды
ФОТО: Getty images
Чемпиондар Лигасы
25.11.2026, 12.45
Сабах
-
Барселона
-

Әзербайжандық «Сабах» Чемпиондар лигасы аясында «Барселонаға» қарсы өтетін кездесу алдында Ламин Ямальға қатысты оқиғаны әзілмен еске алды. Баку клубы әлеуметтік желіде «Форсаж» фильмінің әйгілі көрінісін пайдаланып, Ханси Флик пен оның шәкірттері Әзербайжанға аттанса, Ямальдың Қазақстанға жол тартқанын тұспалдаған бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әзербайжандық клубтың мұндай әзілге баруы бекер емес. Бұған дейін «Барселона» футболшысы Чемпиондар лигасының матчына билет ойнатуға арналған бейнероликте Әзербайжан мен Қазақстанды шатастырып алған еді. Ямаль ұтыс жеңімпазын қай елге жібергісі келетінін айтқан кезде Қазақстанды атаған. Алайда әңгіме каталониялықтардың Бакуде «Сабахқа» қарсы өткізетін кездесуі туралы болған. Кейін бейнежазбада футболшының Әзербайжанды меңзегені нақтыланды.

Енді «Сабах» испаниялық футболшының сол қателігін ұтымды пайдаланды. Баку клубы Ямальдың бұрынғы сөзін оның алдағы кездесуге қатыспауымен байланыстырып, әзілге айналдырды. Бейнеролик көп ұзамай жанкүйерлер арасында кеңінен таралды.

Айта кетейік, 19 жастағы испаниялық футболшы Бакуге шынымен де барған жоқ. БАҚ мәліметінше, Ямаль оң жақ тобығындағы жайсыздыққа байланысты матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енбеген. Ал каталониялық клуб алдағы тығыз ойын кестесін ескеріп, футболшының денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көрген.

«Сабах» пен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчы 25 қарашада Бакуде өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық клуб Ханси Флик шәкірттерін Олимпиада стадионында қабылдайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie