locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бибісара Асаубаеваның жігіті шахматтан әлем чемпионы атағы үшін күресті бастады

Бибісара Асаубаеваның жігіті Жавохир Синдаров әлем чемпионы атағы үшін матчтың алғашқы партиясында тең түсті
Басқа спорт түрлері
Бибісара Асаубаеваның жігіті шахматтан әлем чемпионы атағы үшін күресті бастады
ФОТО: Getty images

Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың алғашқы партиясында қазіргі чемпион, үндістандық Гукеш Доммараджумен тең түсті. Екі жас шахматшының текетіресі Швейцарияның Женева қаласына жақын орналасқан Колоньи елді мекенінде өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы партияда 20 жастағы Өзбекстан өкілі ақ түсті тастармен ойнады. Алайда Синдаров бұл басымдықты пайдаланып, есепте алға шыға алмады.

Қос гроссмейстер де артық тәуекелге бармай, қарсыласына бастаманы қолға алуға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде 38-жүрісте позиция үш мәрте қайталанып, партия тең аяқталды.

Осылайша, алғашқы ойын күнінен кейін жалпы есеп 0,5:0,5 болды. Екінші партия 25 қарашада өтеді. Бұл жолы Гукеш ақ түсті тастармен ойнайды.

Биылғы әлем чемпиондығы үшін матч қатысушылардың жиынтық жасы бойынша шахмат тарихындағы ең жас чемпиондық текетірес ретінде тарихқа енді. Қарсыластар классикалық шахматтан 14 партия өткізеді. Чемпион атану үшін олардың бірі 7,5 ұпай жинауы қажет. Егер жалпы есеп 7:7 болса, жеңімпаз 12 желтоқсанға жоспарланған тай-брейкте анықталады.

Матчтың жалпы жүлде қоры 2,5 млн долларды құрайды.

Бұл бәсеке қазақстандық жанкүйерлердің де назарын аударып отыр. Швейцарияда Синдаровқа оның сүйіктісі, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева қолдау көрсетуде.

Бұған дейін Sports24.kz Жавохир Синдаровтың әлем чемпионы атану мүмкіндігін, ойын мәнері мен мықты тұстарын саралап, қазіргі чемпионға қарсы бәсекеде өзбекстандық гроссмейстерден не күтуге болатынын жазған еді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie