locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында «Сабахқа» қарсы матчқа қатыспайды

«Барселона» испаниялық вингерді Бакудегі сырт алаңдағы ойынға өтінімге қоспады
Футбол
Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында «Сабахқа» қарсы матчқа қатыспайды
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» жұлдызды футболшысы Ламин Ямаль Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық «Сабахқа» қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

19 жастағы испаниялық футболшының қатардан тыс қалуына оң жақ тобығындағы жайсыздық себеп болды. «Барселона» ойыншының денсаулығын тәуекелге тікпей, оған қалпына келу үшін қосымша уақыт беруді жөн көрді.

«Ламин Ямаль оң жақ тобығында аздап жайсыздық сезініп жүр. Сақтық шарасы ретінде ол «Сабахқа» қарсы матчқа қатыспайды. Келесі жексенбіде «Депортивоға» қарсы өтетін ойынға дайын болады деп күтілуде», - делінген мәлімдемеде.

Ямальдың тобығы Испания чемпионатындағы «Вильярреалға» қарсы алдыңғы матчтың алдында-ақ мазалай бастаған. Жылынып жатқан кезде футболшыға медициналық штабтың көмегі қажет болды. Соған қарамастан ол негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық өткізді. Каталониялықтар екі гол жіберіп алған соң есепті теңестіріп, кездесуде 3:2 есебімен камбэк жасап, жеңіске жетті.

Осылайша, Ямаль командасымен бірге Әзербайжанға бармайды. Оның алаңға 29 қарашада «Депортивоға» қарсы матчта оралуы күтілуде.

«Сабах» - «Барселона» матчы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында 25 қарашада Бакуде өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

Төрт турдан кейін каталониялық клубтың еншісінде тоғыз ұпай бар. Команда турнирдің жалпы кестесінде бесінші орында келеді. Әзербайжандық клуб үш ұпаймен 31-орында тұр.

Айта кетейік, Бакудегі матчқа 62 мың билет сатылып кеткен. Оларды 74 елдің жанкүйерлері сатып алған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie