locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал Мадрид» – ПСВ: Чемпиондар лигасының матчын онлайн көру

Командалар турнирдің жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында Мадридте кездеседі
Футбол
«Реал Мадрид» – ПСВ: Чемпиондар лигасының матчын онлайн көру
ФОТО: Getty Images

24 қарашада мадридтік «Реал» өз алаңында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында нидерландтық ПСВ-ны қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойын Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен 25 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де төреші ысқырығы естіледі.

Чемпиондар лигасының бесінші турындағы матчтың тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Қарсыласар алдында командалар турнир кестесінде әртүрлі орынға жайғасқан. «Реал» төрт турдан кейін 12 ұпай жинап, екінші орында тұр. Мадридтіктер төрт матчтың бәрінде жеңіске жетті: Германияның «Лейпцигін» (4:1), Италияның «Интері» (2:1) мен «Ромасын» (4:3), сондай-ақ Грекияның АЕК командасын (3:2) ұтты.

ПСВ төрт ұпаймен 24-орында келеді. Нидерланд командасы Португалияның «Портуын» (1:0) жеңіп, донецкілік «Шахтермен» (1:1) тең түсті, алайда Германияның «Лейпцигіне» (0:1) және Бельгияның «Брюггесіне» (1:2) есе жіберді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie