locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» Чемпиондар лигасында бір таймда бес гол соғып, ПСВ-ді ойсырата жеңді

«Реал» Чемпиондар лигасында ПСВ-ді 5:1 есебімен ұтты
Футбол
ФОТО: Getty images
Чемпиондар Лигасы
24.11.2026, Аяқт.
Реал Мадрид
5
ПСВ Эйндховен
1

Мадридтік «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Нидерландтың ПСВ клубына қарсы өз алаңындағы матчта Жозе Моуринью шәкірттері гол жіберіп алғаннан кейін есепті өзгертіп, қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Сантьяго Бернабеудегі» бірінші тайм мадридтіктер үшін сәтсіз өтті. 32-минутта Иван Перишич пенальтиді сәтті орындап, қонақтарды үзіліске бір гол басымдығымен алып шықты.

Алайда екінші таймда ойынның сипаты түбегейлі өзгерді. 50-минутта Федерико Вальверде есепті теңестірсе, арада он минут өткенде алаңға қосалқы құрамнан шыққан Джуд Беллингем Зинедин Зиданның мәнеріндегі әсем соққысымен алаң иелерін алға шығарды.

Мадридтіктердің басымдығын Килиан Мбаппе нығайтты. Франциялық шабуылшы 64 және 84-минуттарда гол соғып, дубль жасады. 87-минутта Винисиус Жуниор нидерландтық команда қақпасына бесінші допты енгізіп, матчтың соңғы есебін белгіледі.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 5-тур
«Реал» (Испания) – ПСВ (Нидерланд) – 5:1 (0:1).
Голдар:
Перишич, 32, пенальтиден (0:1); Вальверде, 50 (1:1); Беллингем, 60 (2:1); Мбаппе, 64 (3:1), 84 (4:1); Винисиус, 87 (5:1).

Осы жеңістің арқасында «Реал» Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы мінсіз көрсеткішін сақтап, бес турдан кейін мүмкін болған 15 ұпайдың бәрін еншіледі.

Мадридтіктерді келесі сынақ 9 желтоқсанда күтіп тұр. Испаниялық клуб Лондонға барып, «Арсеналмен» кездеседі. Сол күні ПСВ өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» қабылдайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie