locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Флик Покатиловтың командасына қарсы матчта Ямальдың денсаулығына неліктен тәуекел еткісі келмейтінін түсіндірді

Ханси Флик «Сабах» – «Барселона» матчы алдында Ламин Ямальдың жағдайы туралы айтты
Футбол
Флик Покатиловтың командасына қарсы матчта Ямальдың денсаулығына неліктен тәуекел еткісі келмейтінін түсіндірді
ФОТО: Getty images
Чемпиондар Лигасы
25.11.2026, 12.45
Сабах
-
Барселона
-

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда Әзербайжанның «Сабах» клубына қарсы өтетін кездесу алдында Ламин Ямальдың жағдайы туралы айтты. Неміс маманы бапкерлер штабының жас футболшыға неліктен қосымша жүктеме түсіргісі келмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Каталониялық клуб бапкерінің айтуынша, испаниялық вингердің жарақаты аса ауыр емес. Дегенмен команда футболшының алаңға оралуын жеделдетуге ниетті емес.

«Ол ойнауға дайын, бірақ бұлшықетіндегі мәселеге байланысты қатарынан екі матч өткізу қиынға соғуы мүмкін. Ол «Вильярреалға» қарсы өткен кездесуде де, ертеңгі ойында да алаңға шыға алар еді. Жарақаты аса ауыр емес, айтарлықтай қауіп те төндірмейді. Дегенмен толық қалпына келу үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Сондықтан ертең оның көмегінсіз ойнай алсақ, солай істегеніміз дұрыс. Ал қажеттілік туындаса, ол алаңға шығуға дайын», – деді Флик.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төрт турдың қорытындысы бойынша «Барселона» тоғыз ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында тұр. Каталониялықтар үш жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін «Сабах» үш ұпаймен 31-орынға жайғасқан. Әзербайжандық клуб еурокубоктардағы қатарынан екі жеңілістен кейін испаниялық алпауытпен кездескелі отыр.

Матч 25 қарашада Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады.

Бұған дейін «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг Ямальдың ойынға қатыспауы командаға әсер етуі мүмкін екенін айтқан еді. Нидерландтық футболшы испаниялық вингердің, әсіресе қорғанысқа басымдық беретін қарсыластармен кездесуде, өз бетінше қауіпті сәттер ұйымдастыра алатын ерекше қабілетін атап өтті.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie