Бублик Қытайдағы «Мастерс» турнирінен тартысты күресте ұшып шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Бейжіңде өтіп жатқан ATP 1000 сериялы турниріндегі күресін 1/16 финалда-ақ тоқтатты. Ол екі сетте сегізінші нөмірлі чехиялық Якуб Меньшикке есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бірінші сет қорытындысы бойынша-ақ Бублик қуушының рөліне түсті. Есеп 4:5 болғанда чехиялық теннисшіні қуып жетуге мүмкіндігі болғанымен, Меньшик қарсыласын жібермей, алғашқы партияны өз пайдасына аяқтады. Екінші сет әлдеқайда тартысты өтті: есеп 5:4 болғанда Бублик партияны жабуға мүмкіндік алды, алайда Меньшик бар күшін салып қарсылық көрсетіп, ойынды тай-брейкке жеткізді.
Онда да теннисшілер шиеленісті ойын көрсетті. Нәтижесінде 7:5 есебімен Меньшик басым түсті. Енді ол 1/8 финалда аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды. Ал Бублик үшін турнир аяқталды. Алайда көп ұзамай мұнда Елена Рыбакина екінші раундта армениялық Алина Чараеваға қарсы матч өткізеді.
Теннис. ATP 1000 (Бейжің), 1/16 финал
Александр Бублик — Якуб Меньшик — 0:2 (4:6, 6(5):7)