locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сабырхан мен Оралбай қатысатын Азия ойындары финалының тікелей трансляциясы: қайдан көруге болады

Қазақстандық екі боксшы Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай алтын медаль үшін жұдырықтасады
Сабырхан мен Оралбай қатысатын Азия ойындары финалының тікелей трансляциясы: қайдан көруге болады
ФОТО: instagram.com/boxingkazakhstan/

Ертең, 2 қазанда, Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасының атынан рингке бірінші болып Төрехан Сабырхан шығады. 70 келіге дейінгі салмақта ол иорданиялық Зейад Ишаишпен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Сабырхан – Ишаиш: Азия чемпионатынан кейінгі Азия ойындарындағы алтын үшін реванш

Финалдағы екінші қазақстандық боксшы Айбек Оралбай рингке сағат 14:00-де шығады. Оның жекпе-жегі 90 келіден жоғары салмақта өтеді. Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездеседі.

Екі жекпе-жектің де тікелей трансляциясын «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.

Айбек Оралбай Азия ойындарының-2026 алтыны үшін кіммен кездеседі: Жахонгир Зокиров несімен қауіпті

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie