locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның келесі қарсыласы тең түсті: топтағы жағдай қалай өзгерді

Молдова мен Фарер аралдары Ұлттар лигасының екінші турында тең ойнады
Қазақстанның келесі қарсыласы тең түсті: топтағы жағдай қалай өзгерді
ФОТО: fmfmoldova
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
29.09.2026, Аяқт.
Молдова
1
Фарер аралдары
1

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы келесі қарсыласы - Молдова - топтық кезеңдегі екінші матчын өткізді. Кишиневте өткен кездесуде алаң иелері Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Есепті қонақтар ашты. 26-минутта Вильормур Давидсен пенальтиді дәл орындап, Фарер аралдарын алға шығарды. Үзілістен кейін Молдова тарапы жауап берді - 66-минутта Сергей Перчун есепті теңестірді. Қалған уақытта командалар гол соға алмады.

Ұлттар лигасы-2026/27. C лигасы, 3-топ. 2-тур
Молдова - Фарер аралдары - 1:1
Голдар:
Давидсен, 26, пенальтиден (0:1), Перчун, 66 (1:1).

Бұл нәтиже Молдоваға биылғы Ұлттар лигасындағы алғашқы ұпайын әкелді. Алғашқы турда команда Словакиядан 0:2 есебімен жеңілген еді. Фарер аралдары болса екінші матч қатарынан 1:1 есебімен тең ойнады - бұған дейін олар Қазақстанмен ұпай бөліскен.

Кишиневтегі кездесуден кейін Фарер аралдарының еншісінде екі ұпай болды, Молдова бір ұпай жинады. Қазақстан да екінші тур алдындағы сәтте бір ұпайға ие, ал Словакия алғашқы ойынын жеңіспен бастап, үш ұпай алған.

Бүгін Джон ван ’т Шкип шәкірттері дәл осы Словакия құрамасына қарсы ойнайды. Кошицеде өтетін матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Словакия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын осы жерден көруге болады.

Ал 2 қазанда Қазақстан құрамасы Астанада Молдованы қабылдайды. Сондықтан бүгінгі Словакияға қарсы ойын топтағы жағдайға тікелей әсер етеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie