locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қуат Хамитов Молдовадан жеңілген Қазақстан құрамасын сынға алды

Молдова Қазақстанға қарсы матчта 17 ойынға созылған жеңіссіз сериясын тоқтатты. Осыдан кейін ММА файтері отандық футболдың жағдайына қатысты өткір пікір білдірді
Қуат Хамитов Молдовадан жеңілген Қазақстан құрамасын сынға алды
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
02.10.2026, Аяқт.
Қазақстан
1
Молдова
2

Қазақстандық танымал ММА файтері Қуат Хамитов Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Молдовадан өз алаңында 1:2 есебімен жеңілуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтан кейін Хамитов өзіне тән мәнерде қазақстандық футболды қатаң сынға алды:

«Бізде футбол әлі бар ма өзі? 10 жыл бұрын-ақ футболды жабу керек деп айтқан еді ғой».

Мұндай реакцияға себеп те бар. Астанаға келгенге дейін Молдова құрамасы 17 матч қатарынан жеңіске жете алмаған. Осы аралықта команда бес рет тең ойнап, 12 кездесуде жеңілген. Молдованың соңғы жеңісі 2024 жылдың қарашасында тіркелген еді.

Алайда бұл сәтсіз серия дәл Қазақстанға қарсы ойында тоқтады. Молдова екі гол соқты, ал алаң иелері Нұралы Әліптің бір голымен ғана жауап беріп, 1:2 есебімен жеңілді.

Ұлттар лигасының үш турынан кейін Қазақстанның еншісінде небәрі бір ұпай бар. Келесі кездесуін ұлттық құрама 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы өткізеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie