locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2026/27 жылғы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі жұптар анықталды

УЕФА-да турнирдің ширек финалына жеребе тартылды
Футбол
2026/27 жылғы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі жұптар анықталды
ФОТО: УЕФА

20 қарашада Швейцарияның Ньон қаласында Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тартылды. Оның қорытындысы бойынша турнирдің ширек финалындағы қарсыластар анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финалдық кезеңге шығу үшін сегіз құрама бақ сынайды. Жеребе қорытындысы бойынша командалар төмендегідей бөлінді:

  1. Испания - Франция;
  2. Нидерланд - Португалия;
  3. Норвегия - Англия;
  4. Бельгия - Германия.

Сондай-ақ А және В дивизиондары арасындағы өтпелі матчтардың жұптары белгілі болды:

  1. Босния және Герцеговина - Дания;
  2. Венгрия - Сербия;
  3. Ирландия - Хорватия;
  4. Словения - Уэльс.

В және С дивизиондары арасындағы өтпелі матчтарда мына құрамалар кездеседі:

  1. Кипр - Солтүстік Македония;
  2. Эстония - Румыния;
  3. Фарер аралдары - Грузия;
  4. Беларусь - Израиль.

Ширек финалдар мен өтпелі кездесулердің алғашқы матчтары 2027 жылғы 25–27 наурызда, ал қарымта ойындар 28–30 наурызда өтеді.

Ұлттар лигасының финалдық турнирі 2027 жылғы 9–13 маусымға жоспарланған. Қазіргі чемпион — Португалия құрамасы.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie