Ұлттар лигасының үшінші турынан кейін Қазақстан нешінші орында
Ұлттар лигасының үшінші турынан кейін Қазақстан өнер көрсететін топтағы жағдай айқындала түсті. Молдовадан өз алаңында жеңілген Джон ван ’т Шкип шәкірттері соңғы орында қалды, ал Словакия Фарер аралдарымен тең ойнаса да көшбасшылық орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан Астанада Молдованы қабылдап, 1:2 есебімен жеңілді. Қонақтар үзіліс қарсаңында және екінші таймның басында екі гол соғып кетті. 45+1-минутта Ники Клещенко есеп ашса, бес минуттан кейін Петру Попеску Молдованың басымдығын арттырды.
Қазақстан екінші таймда бір голмен жауап қайтарды. 64-минутта Нұралы Әліп есеп айырмасын қысқартты, алайда алаң иелері таразы басын теңестіре алмады.
Топтағы қатар өткен матчта Фарер аралдары мен Словакия 1:1 есебімен тең түсті. 38-минутта Гуннар Ватнамардың автоголынан кейін алаң иелері алға шықты. Екінші таймда Адриан Юстинуссен есепті теңестірді.
Осы нәтижелерден кейін Словакия жеті ұпаймен бірінші орнын сақтап қалды. Молдова төрт ұпаймен екінші, Фарер аралдары үш ұпаймен үшінші орында. Қазақстан бір ұпаймен топты түйіндеп тұр.
Қазақстан Ұлттар лигасының қазіргі маусымында әзірге жеңіске жеткен жоқ. Алғашқы турда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең ойнаған құрама кейін Словакия мен Молдоваға бірдей 1:2 есебімен жол берді.
Жағдайды түзетуге келесі мүмкіндік 6 қазанда беріледі. Қазақстан өз алаңында Фарер аралдарын қабылдайды, ал Молдова Словакиямен кездеседі.