locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сабах» бапкері «Барселонаға» қарсы матч алдында Ямальдың ойынға қатыспауына қатысты пікір білдірді

Покатиловтың командасының бапкері «Барселонаға» қарсы матч алдында Ямаль туралы пікір білдірді
Футбол
«Сабах» бапкері «Барселонаға» қарсы матч алдында Ямальдың ойынға қатыспауына қатысты пікір білдірді
ФОТО: ФК Сабах

Әзербайжанның «Сабах» клубының бас бапкері Вальдас Дамбраускас Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда «Барселонаға» қарсы өтетін кездесуден не күтетінін айтты. Литвалық маман командасының дайындығына тоқталып, каталониялықтардың сапында Ламин Ямальдың болмауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Біз ойыннан ләззат алуымыз керек. Бакуге көптеген титулға ие болған мықты қарсылас келді. Мұндай команданың осал тұсын табу қиын. Дегенмен алдағы кездесу өзімізді көрсетуге жақсы мүмкіндік болмақ», – деді Дамбраускас.

Әзербайжандық клубтың бас бапкері каталониялықтармен бірге Бакуге келмеген Ламин Ямаль туралы да пікірін жеткізді.

«Әзербайжандық жанкүйерлер үшін аздап қынжылдым. Ол – әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі. Алайда «Барселонаның» сапында өзге де жұлдыздар бар. Біз өзімізді жақсы жағымыздан көрсету үшін бар күшімізді саламыз», – деді маман.

Бапкердің айтуынша, оның көптеген шәкірті бала кезінен Чемпиондар лигасында «Барселона» немесе Мадридтің «Реалына» қарсы ойнауды армандаған. Сондықтан алдағы кездесуге футболшыларды қосымша жігерлендірудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар Дамбраускас алдағы ойынды бапкерлік мансабындағы ең маңызды кездесу деп санамайтынын жеткізді. Литвалық маман қарсыласының беделіне қарамастан, «Сабахтың» шабуылда өз мүмкіндігін іздейтінін атап өтті.

«Гол соғу мүмкін болмайтын команда жоқ. Біз «Боруссияның» қақпасына гол соқтық, демек, басқа қарсыластарға да гол соға аламыз. «Барселонаның» қақпасынан саңылау табу біз үшін маңызды болар еді. Бұл бізді жігерлендіреді», – деп түйіндеді бапкер.

ФОТО: ФК Сабах

Айта кетейік, бұған дейін каталониялық клуб «Сабахқа» қарсы матчқа қатысатын футболшылардың тізімін жариялаған болатын. Алайда оның қатарынан Ламин Ямаль табылмады. 19 жастағы вингердің оң жақ тобығы мазалап жүргендіктен, ол Бакудегі кездесуге қатыспайды. Испаниялық футболшы ел чемпионатындағы «Депортивоға» қарсы алдағы матчта алаңға оралады деп күтілуде.

Командалардың турнирлік жағдайына келсек, «Барселона» төрт турда үш жеңіске жетіп, бір рет жеңілді. Тоғыз ұпай жинаған каталониялықтар жалпы кестеде бесінші орында тұр.

Ал «Сабах» үш ұпаймен 31-орынға жайғасқан. Әзербайжандық клуб жалпы кезеңдегі жалғыз жеңісіне Праганың «Славиясына» (2:0) қарсы кездесуде қол жеткізді. Қалған матчтарда «Манчестер Юнайтед» (0:4), Дортмундтың «Боруссиясы» (1:2) және Норвегияның «Викинг» (1:4) клубтарынан жеңілді.

«Сабах» пен «Барселона» арасындағы кездесу 25 қарашада Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады. Ойынға шотландиялық Николас Уолш төрелік етеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie