locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл күрделі лига»: Словакия жаттықтырушысы ҚПЛ деңгейінің өскенін атап өтті

Дегенмен Владимир Вайсс словак командасының пайдасына деңгей айырмашылығын байқады
«Бұл күрделі лига»: Словакия жаттықтырушысы ҚПЛ деңгейінің өскенін атап өтті
ФОТО: futbalsfz.sk
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
29.09.2026, 14.45
Словакия
-
Қазақстан
-

Қазақстанда үш жыл бойы «Қайрат» клубын жаттықтырған Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс жергілікті чемпионаттың деңгейі өскенін атап өтіп, ҚПЛ-ға жоғары баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Словакиялық маман Қазақстанға алғаш рет 2012 жылдың соңында келген кезде жағдайдың қазіргімен салыстырғанда мүлде бөлек болғанын айтты. Әрине, өзгеріс жақсы жаққа қарай:

«Бұл күрделі лига. Мұнда көптеген мықты шетелдік ойыншылар өнер көрсетеді, клубтардың академиялары ауқымды, ал жағдайлары тамаша. «Қайраттың» академиясы үздіктердің бірі. Мен ол жаққа келгенде футбол енді ғана қалыптасып келе жатқан еді, ал бүгін оның деңгейі жоғары. «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» немесе «Ақтөбе» секілді командалар біздің кез келген клубымызға қиындық туғызар еді».

Соған қарамастан, Вайсс ҚПЛ-ға комплимент айтқанымен, өз шәкірттерінің әлдеқайда танымал клубтарда ойнайтынын атап өтті. Сондықтан қағаз жүзінде фаворит саналатыны — словактар:

«Әрине, біз қорықпаймыз, бұл матчта фаворит — біз. Біз өз шеберлігімізді дұрыс көңіл күймен және шабуылдағы батыл ойынымызбен дәлелдеуіміз керек. Біздің ойыншылар қарсыластарымызға қарағанда күштірек клубтарда өнер көрсетеді», — деді Вайсс Қазақстанмен ойын алдындағы баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, Вайсс «Қайратты» 2012-2015 жылдары жаттықтырды. Алматы клубына чемпиондық атақты қайтара алмағанымен, ол екі жыл қатарынан ел кубогын жеңіп алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie