locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андреева – Свитолина: WTA-2026 қорытынды турнирінің финалы қашан және сағат нешеде өтеді

Мирра Андреева мен Элина Свитолина арасындағы WTA Finals 2026 турнирінің финалдық кездесуі қашан өтеді
Теннис
Андреева – Свитолина: WTA-2026 қорытынды турнирінің финалы қашан және сағат нешеде өтеді
ФОТО: Getty images

16 қарашаға қараған түні АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында WTA-2026 қорытынды турнирінің жеңімпазы анықталады. Бас жүлде үшін ресейлік Мирра Андреева мен украиналық Элина Свитолина өзара сынға түседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі теннисші арасындағы финалдық кездесу 15 қарашада Индиан-Уэллсте өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 16 қараша күні сағат 01:00-де басталады.

32 жастағы Свитолина мансабында үшінші рет WTA қорытынды турнирінің финалына шығып отыр. Украиналық теннисші 2018 жылы осы жарыста чемпион атанған еді. Енді сегіз жылдан кейін сол жетістігін қайталауға мүмкіндік алды.

Алайда шешуші кездесуде оны оңай қарсылас күтіп тұрған жоқ. Андреева екі теннисшінің өзара матчтарында 2:1 есебімен алда келеді. Оның үстіне, биылғы турнирдің топтық кезеңінде де ресейлік спортшы басым түсіп, әсіресе екінші сетте сенімді ойын көрсетті.

Дегенмен Свитолинаның да қарсыласын жеңген тәжірибесі бар. Биылғы Australian Open турнирінде украиналық теннисші Андрееваны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Осылайша, Андреева мен Свитолина биылғы қорытынды турнир аясында екінші рет кездескелі отыр. Ресейлік теннисші өзара бәсекедегі басымдығын арттыруға ұмтылса, Свитолина топтық кезеңдегі жеңілісінің есесін қайтарып, сегіз жылдан кейін тағы да чемпион атануды көздейді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie