Әлімханұлының Даниядағы чемпиондық жекпе-жегі бұрын-соңды болмаған дүрбелең туғызды
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен датиялық Якоб Банк арасындағы екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек бұрын-соңды болмаған дүрбелең туғызды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Primetime Boxing промоутерлік компаниясының әлеуметтік желілердегі хабарламасына сәйкес, билеттер сатылымға шыққаннан кейін небәрі 15 минут ішінде жанкүйерлер жекпе-жекке арналған мыңнан астам билетті сатып алған. Айта кетейік, бұл жекпе-жекті Дания мен Қазақстаннан ғана емес, Швеция, Норвегия, Финляндия, Германия, Ұлыбритания, Румыния және АҚШ-тан келген бокс жанкүйерлері де тамашалайды.
«Бокс жанкүйерлерінің Хорсенстегі жекпе-жекті көру үшін шекара асып, кей жағдайда бүкіл Атлант мұхитын кесіп өтуі — біз мақтан тұтатын әрі қатты әсерлендіретін жайт», – делінген Primetime Boxing компаниясының мәлімдемесінде.
Әлімханұлы мен Банк арасындағы жекпе-жек 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Екі боксшы да бұл айқасқа жеңіліссіз келеді. 33 жастағы Жәнібектің еншісінде 17 жекпе-жектегі 17 жеңіс бар. Ал 25 жастағы Банк кәсіпқой рингтегі барлық 20 кездесуінде жеңіске жеткен.