Суперкомпьютер Словакия — Қазақстан матчының көңіл көншітпейтін болжамын жариялады
29 қыркүйекте Словакия мен Қазақстан құрамалары Ұлттар лигасының С лигасындағы топтық кезеңнің екінші туры аясында матч өткізеді. Бұл кездесуде кімге басымдық берілетіні қазірдің өзінде белгілі, деп хабарлайды Sports24.kz.
FMD сарапшыларының есептеуіне сәйкес, фавориттің алаң иелері болуы күтілген жағдай: Словакияның жеңіске жету мүмкіндігі 67%, тең нәтиже — 19%, Қазақстанның жеңісі — 14% деп бағаланған. Матчта соғылатын голдар санына қатысты болжам әлдеқайда қызықты көрінеді.
Күтілетін голдар көрсеткішіне қатысты аналитикалық модель Словакияның xG көрсеткіші 1.78, ал Қазақстандікі 0.86 болады деп есептейді. Бұл алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебін күтуге негіз береді.
Кездесудің нақты есебіне қатысты модельдің пікірі сәл өзгеше. Ең ықтимал нәтиже — Словакияның пайдасына 1:0 (12.9%), одан кейін алаң иелерінің сенімдірек жеңісі — 2:0 (11.4%), ал үшінші орында… 1:1 тең нәтижесі (11.0%).
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван’т Шкип Словакияны қалай жеңуге болатынын айтқан. Матч 29 қыркүйекте Словакияның Кошице қаласында өтеді, ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.