locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы матчқа негізгі құрамы жарияланды

Джон ван ’т Шкип Словакияға қарсы Ұлттар лигасы матчының негізгі құрамын анықтады
Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы матчқа негізгі құрамы жарияланды
Фото: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
Live, 17'
Словакия
0
Қазақстан
0

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы-2026/27 турнирінің екінші турында Словакияға қарсы шығатын негізгі құрамын жариялады. Кездесу 29 қыркүйекте Кошицеде өтеді және Астана уақытымен 23:45-те басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаңға алғашқы минуттан:

•Стас Покатилов, Нұралы Әліп, Арсен Әшірбек, Исламбек Қуат, Жасұлан Әмір, Рамазан Кәрімов, Наурызбек Жағоров, Станислав Басманов, Дінмұхамед Қараман, Исмаил Бекболат және Темірлан Ерланов шығады.

Фарер аралдарына қарсы алғашқы ойынмен салыстырғанда Джон ван ’т Шкип негізгі құрамға бес өзгеріс енгізді. Бұл жолы Әшірбек, Жағоров, Кәрімов, Басманов және Бекболат алғашқы минуттан ойнайды.

Қазақстан Ұлттар лигасының жаңа маусымын Фарер аралдарымен болған 1:1 есебіндегі тең ойынмен бастады. Ұлттық құраманың жалғыз голын Темірлан Ерланов соқты.

Словакия болса алғашқы турда Молдованы 2:0 есебімен жеңіп, үш ұпай жинады.

Қазақстан құрамасының словактарға қарсы жақсы естелігі де бар. 2022 жылғы Ұлттар лигасында біздің команда Словакияны екі рет жеңген: сырт алаңда 1:0, ал өз алаңында 2:1.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie