locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бізде күресе алатын команда бар»: ван’т Схип Словакияны жеңу құпиясын атады

Қазақстан құрамасының бас бапкері сәттерді тиімді пайдаланудың маңызын атап өтті
ФОТО: КФФ
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
29.09.2026, 14.45
Словакия
-
Қазақстан
-

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакияға қарсы сырт алаңдағы матч қарсаңында қарсыластың мәртебесіне қарамастан, шәкірттерінің жеңіске қалай жете алатынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Нидерланд маманы футболшылары үшін матч барысында қандай да бір жолмен пайда болатын мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланудың маңызды екенін атап өтті:

«Біздің энергиямыз жақсы, матчты асыға күтіп отырмыз. Қарсылас мықты болғанымен, футболшы ретінде өзің үлгі тұтатын ойыншыларға қарсы ойнау үшін осындай матчтарды күтесің. Барлық футболшы жақсы ойын өткізе алатынына сенімді деп ойлаймын.

Словакиялық бапкердің жеңіске сенімді болуының себебін түсінемін: олар фаворит, өз алаңында ойнайды. Бірақ бізде күресе алатын және жақсы футбол көрсете алатын команда бар. Біз олардың прессингіне қарсы ойнаудың жолын табуымыз керек, олар қауіпті болуы мүмкін екенін білетін аймақтарда доптан айырылмауымыз қажет. Сондай-ақ допты қайтарып алғаннан кейін олар қалдыратын кеңістікті пайдалануымыз керек.

Әр ойында, соның ішінде ертеңгі матчта да, бізде мүмкіндіктер болады. Ең бастысы — сол мүмкіндіктерден барынша көп пайда табу», — деді ван’т Схип баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін нидерландтық маманның ертеңгі қарсыласы Владимир Вайсс өз шәкірттерінің сапасы Қазақстан құрамасынан жоғары екенін мойындаған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie