Бейне: Дешам Мбаппенің Франция құрамасындағы бомбардирлік рекордын бағалады
Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Килиан Мбаппенің «үш түстілердің» үздік сұрмергені атағына жақындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бүгін ол ұлттық құраманың тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Дегенмен бәрібір оны сынайтындар табылады. Жоқ, Килиан — ерекше ойыншы. Мен мұны әрдайым айтып жүрмін. Ойын жүрмей жатса да, ол бір ғана әрекетімен матчтың тағдырын шеше алады.
Килиан мұнда келген күнінен бастап команда үшін алаңда да, алаңнан тыс та көп нәрсе жасап келеді. Оған сырт көзден эгоист деп қарауы мүмкін, бірақ олай емес.
Мен оның жетістігіне өте қуаныштымын. Айта кетейін, ол бізге өзі жолдастық матчтарда гол соғуды қаламайтынын айтты. Ол мұндай голдарды әлем чемпионатында соққанды жөн көреді, өйткені бұл жерде оның маңызы мүлде басқаша», — деді Дешам баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, әлем чемпионатының алғашқы матчында Мбаппе Сенегалға қарсы дубль авторы атанды, бұл голдар оның ұлттық құрамадағы 57 және 58-ші голдары болды. Осылайша, «Реал» шабуылшысы Франция тарихындағы үздік бомбардир Оливье Жируға жетіп, рекордты қайталады.