locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Мбаппе әлем чемпионаты қарсаңында ерекше образымен таңғалдырды

Франция капитаны әлем чемпионаты қарсаңында командаластарының ерекше стилі туралы айтты
Видео: Мбаппе әлем чемпионаты қарсаңында ерекше образымен таңғалдырды
ФОТО: Getty images

Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе ұлттық командадағы ең сәнқой ойыншыны атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футболшы танымал британдық әзілкеш Джеймс Корденнің шоуына қатысып, Мадридте түсірілген Carpool Karaoke бағдарламасының қонағы болды.

Әңгіме барысында жүргізуші Франция құрамасы ойыншыларының Клерфонтен базасына ерекше киім үлгілерімен келетінін айтып, олардың сәнге деген көзқарасы туралы сұрады.

Мбаппенің айтуынша, командадағы басты сәнқой - «Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде.

«Кунде сәнді бәрінен де жақсы көреді», - деді Франция құрамасының капитаны.

Бағдарлама барысында Джеймс Корден Мбаппеге де бірнеше ерекше образды киіп көруді ұсынды. Француз шабуылшысы алдымен қызғылт түсті күртеше мен үлкен қара бас киіммен көрінсе, кейін қара күртеше мен ақ шашты парик киіп шықты.

Бұл көріністер әлеуметтік желілерде тез тарап, жанкүйерлер арасында қызу талқылауға себеп болды.

Қазіргі таңда Мбаппе Франция құрамасымен бірге әлем чемпионаты-2026 турниріне дайындалып жатыр. Еске салсақ, ол 2018 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Қатарда өткен мундиальдың финалына дейін жетіп, Аргентина құрамасына пенальти сериясында жол берген еді.

Әлем чемпионаты-2026 турнирінде Франция құрамасы I тобында өнер көрсетеді. Француздардың қарсыластары - Сенегал, Норвегия және Ирак құрамалары.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie