Франция – Сенегал. Командалардың бастапқы құрамдары
Әлем чемпионаты матчі 00:00-де басталады
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
16-нан 17 маусымға қараған түні Франция мен Сенегал құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турындағы матчты өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл құрамалар I тобында ойнайды, олардың қарсыластары – Норвегия мен Ирак.
Бас бапкерлер Ист Рутерфордта өтетін кездесуге бастапқы құрамдарын жариялады.
Франция: Меньян; Кунде, Салиба, Упамекано, Т. Эрнандес; Рабьо, Чуамени; Олисе, Дембеле, Дуэ; Мбаппе.
Сенегал: Менди; Диатта, Кулибали, Ниахате, Диуф; И. Гуйе, П. Гуйе, Камара; Исмаила Сарр, Джексон, Мане.
Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де АҚШ-тың Ист Рутерфорд қаласындағы «Мидоулэндс» стадионында басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында жүреді.