locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ӘЧ-2026: Франция - Сенегал матчының шолуы

Франция құрамасы Мбаппенің дублінің арқасында Сенегалды жеңді
ӘЧ-2026: Франция - Сенегал матчының шолуы
ФОТО: Getty images

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Топтық кезеңнің алғашқы турында француздар Сенегал құрамасын 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің басты кейіпкері команда капитаны Килиан Мбаппе болды. Француз шабуылшысы 66-минутта есеп ашып, матчқа қосылған уақытта дубль авторы атанды. Ал Францияның үшінші голын 82-минутта Брэдли Баркола соқты.

Сенегал құрамасы ойынның соңында ғана жауап қайтара алды. 90+5-минутта Илиман Мбайе мергендік танытқанымен, бұл гол жеңілістен құтқара алмады.

Бұл матч Мбаппе үшін тарихи болды. Форвард ұлттық құрама сапындағы гол санын 58-ге жеткізіп, 57 голмен рекорд ұстап тұрған Оливье Жируды артта қалдырды. Осылайша, ол Франция құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Осы жеңістен кейін Франция құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы үш ұпайын еншілеп, плей-офф жолындағы маңызды қадам жасады.

Назарларыңызға Франция - Сенегал матчының бейнешолуын ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie