locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

B жоспары белгілі: «Қайрат» «Сутьескиден» ұтылса, кіммен ойнайды?

Қалаусыз нәтиже, бірақ қордағы нұсқа бар
B жоспары белгілі: «Қайрат» «Сутьескиден» ұтылса, кіммен ойнайды?
ФОТО: Кайрат

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» пен «Сутьеска» арасындағы екі матчтық текетіресте жеңілген команданың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Егер Рафаэль Уразбахтиннің командасы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде қарсыласынан өте алмаса, олар екінші кезеңге чемпиондар жолымен өтеді, бірақ бұл жолы Еуропа лигасы емес, Конференция лигасында бақ сынайды.

Онда «Қайрат» — «Сутьеска» жұбының жеңілгені де Чемпиондар лигасының іріктеуінен шығып қалған «МЛ Витебск» (Беларусь) — «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңілгенімен кездеседі.

Бұл дуэттегі алғашқы матч Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі ойындардан кейін, 23 шілдеде өтеді, ал қарымта матч — 30 шілдеде болады.

Бұл текетіресте ұтылған команда үшін еурокубоктық науқан аяқталады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласын анықтаған еді, егер «Сутьескадан» өтуге қол жеткізсе.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie