locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мессиді алаңнан қуу керек еді»: әлеуметтік желілер Аргентина - Алжир ойынындағы сәтке наразы болды

Мұндай матч жанжалсыз өтпей қоймады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 1-турындағы Алжирге қарсы матчтың бірінші таймында алаңнан қуу керек еді (3:0), деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші таймда Месси алжирлік қорғаушы Айсса Мандиді артынан шиптарымен балтырынан теуіп, қарсыласын жерге құлатты.

Ойынның бас төрешісі Шимон Марчиняк аргентиналық жұлдызға сары қағаз да көрсеткен жоқ. Бұл сәт әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

«Ол қаншалықты ұлы болса да, бұл – қызыл карточка»;

«Мессиді алаңнан қуу керек еді»;

«Мен «Барселона» мен оның ойыншыларына жоғары баға бермеуімнің жалғыз себебі – 2010 жылы олар Уэсли Снейдерге не істеді. Ол «Алтын допқа» лайық еді, бірақ оны құрбан қылды... «Барселона» мен Месси әрдайым ФИФА мен УЕФА-ның сүйіктісі болды»;

«Бала, бұл Америка, біз ең үздік ойыншыларымызды қорғаймыз. НБА мен НФЛ-ден сұра»;

«Дүниенің кез келген нүктесінде бұл сөзсіз қызыл карточка. Бірақ, әдеттегідей, ФИФА-ның сүйіктісі – Месси – әрдайым кешіріледі. ФИФА үшін Месси мен Криштиану алаңда болмаған кезде үлкен экономикалық шығындар туындайды»;

«Кем дегенде сары карточка», – деп жазды ашулы қолданушылар.

Айта кетейік, аяқталған матчта Месси Мирослав Клозенің әлем чемпионаттарындағы голдар рекордын қайталады. Аргентина құрамасы келесі кездесуін 22 маусымда Австрияға қарсы өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie