locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Франция тарихи дубль жасаған Мбаппемен Сенегалды жеңді

Ле Бле алғашқы таймдағы солғын ойынға қарамастан үш ұпай еншіледі
ФОТО: Getty Images

17 маусымға қараған түні Франция мен Сенегал құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші туры аясында кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл командалар I тобында өнер көрсетеді. Топтағы тағы екі қарсылас – Норвегия мен Ирак.

Ойынның бірінші жартысында басымдық африкалық командада болды. Ле Бле айқын солғын ойын көрсетті. Гол салуға жақынырақ болған сенегалдықтар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Екінші таймда француздар біртіндеп ойын тізгінін қолға алды. 66-минутта Килиан Мбаппе Майкл Олисенің пасынан есеп ашты.

Есепті екі еселеген — Брэдли Барколя, оған ассист жасаған Адриэн Рабьо. ПСЖ-ның жас таланты Ибраим Мбайе бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты, алайда соңғы сөз Францияға тиді. Қорытынды есепті тағы да Мбаппе бекітті – 3:1.

Енді Килианның әлем чемпионаттарындағы голдарының саны – 14, ал Франция сапындағы голдарының саны – 58. Осылайша, ол ұлттық құраманың үздік сұрмергендер тізімінде Оливье Жируды басып озды.

Екінші турда Франция Иракпен кездеседі. Сенегал Норвегиямен ойнайды.

ӘЧ-2026, 1-тур

I тобы

Франция – Сенегал 3:1

Голдар: Мбаппе, 66, 90+6, Барколя 82 – Мбайе, 90+5

ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
ФОТО: Getty Images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie