Рыбакинаның Берлиндегі турнирдің басында қарсыласы анықталды
Елена Рыбакина Берлинде өтетін WTA 500 сериялы турнирдің 1/8 финалында қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Төрттік финалға өту үшін әлемнің екінші ракеткасы филиппиндік рейтингте 35-орында тұрған Александра Еаламен күш сынасады. Олардың кездесуі 18 маусымға жоспарланған, матчтың басталуы шамамен Астана уақытымен 14:00-де өтеді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Рыбакина Instagram-дағы парақшасын неге «жойғанын» түсіндірді
Теннисшілер жуырда, 2026 жылдың 10 мамырында, Римдегі турнирдің негізгі сеткасындағы алғашқы кезеңде кездескен болатын. Сол кезде Еала Рыбакинаның жүйкесін біраз жұқартқанымен, бір жарым сағаттан сәл асқан ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы екі сетте (6:4, 6:3) жеңіске жетті.
Егер Рыбакина филиппиндікті жеңсе, келесі айналымда Элина Свитолина (Украина) мен Ева Лис (Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
