«Роналдомен қатар тұру – үлкен мәртебе»: Месси — әлем чемпионатындағы гол рекорды туралы
Алжир қақпасына хет-трик жасағаннан кейін Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы голдар саны бойынша Мирослав Клоземен теңесті, бірақ аргентиналықты бұл аса қатты алаңдатпайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Көп мәрте «Алтын доп» иегері, әрине, Клозе немесе «тістісі» Роналдомен бір қатарда болуды үлкен мәртебе санайды, бірақ рекордтарға аса назар аудармайтынын айтады:
«Шынымды айтсам, мән бермеймін. Әрине, мұндай компанияда болу, Клозе немесе Роналдомен қатар тұру – үлкен құрмет, бірақ мен үшін бұл шешуші маңызға ие емес. Мысалы, бүгін Килиан Мбаппе екі гол соқты. Ақыр соңында, бұл жай ғана статистика.
Әрине, осындай футболшылармен бәсекелес бола алғаныма мақтанамын, бірақ бұл мен үшін тек цифрлар ғана. Өз көзіммен көрген футболшылардың ішінде Роналдо тарихтағы ең ұлы ойыншылардың бірі болды, дегенмен ол бұл тізімде бірінші орында емес. Сондықтан мұның бәрі тек қағаздағы статистика болып қала береді», — деді Месси Алжирмен өткен матчтан кейін.
Еске сала кетейік, қазір Месси мен Клозеде 16 голдан, және олар әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмергендер қатарында. Аргентиналық тағы бір гол соқса, жеке дара көшбасшы атанады.